Балабақша туралы мәлімет
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Иванов 24 көшесінде орналасқан. Жоба қуаттылығы 175 бала. «Гаухартасым» бөбекжай-балабақшасы 30.10.2017 жылы ашылып, тамыз айында жұмысын бастады. Балабақша екі қабатты, типтік 1400 кв.м, ғимаратта орналасқан, нысаналық мақсаты балабақшаға арналған. Бүгінгі күнде балабақшада 7 топта 175 бала тәрбие алуда. Әрбір топқа арналған ойын, демалу, балаларды қабылдау бөлмелері бар. Тамақтануға арналған жеке асхана бөлмесі, музыка/ спорт залы, ата-аналарға арналған консультациялық пункт, медициналық кабинет, әкімшілік бөлмелері бар. Топ бөлмелері жарық, кең бала өзін ыңғайлы, қауіпсіз сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Балабақша участкелерінде спорт алаңы әр топқа арналған ойын алаңы, беседкалар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Ұйымдастырылған іс-әрекеттері қазақ және орыс топтарында мемлекеттік тілде, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Балабақшада 14 педагог қызмет етеді :
Басшы -1
Әдіскер- 1